13.12.2020, 01:43
Жаңалықтар
ШҚО-да бір күнде үш көлік мұз астына түсіп кетті
Бұл оқиғалар жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан болды
Фото: баспасөз қызметінен
Шығыс Қазақстан облысында бір күннің ішінде 3 көлік мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қауіпсіздік ережелерін ескермеудің және жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан бүгін 3 оқыс оқиға болды. Екі көлік Көкпекті ауданында, бір көлік Шүлбі кентінде мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар жүргізушілерге көліктерді судан шығаруға көмектесті.
«Шүлбіде құтқарушылар көлігі мұз астына түсіп кеткен жүргізушіні арнайы «Кунг» автокөлігіне отырғызып жылынуына және киімін кептіріп алуына жағдай жасады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті