$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2019, 19:05
Жаңалықтар

«Атамекен» көмір тасымалына шектеу енгізген ресейліктерге қарсы ЕЭК-ке шағым түсірді

Ресей Федерациясы қазақстандық көмір отынын Украинаға тасымалдауға шектеу жасап, нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» шахталары зардап шегіп отыр

Қазақстан Республикасы Ресей федерациясының Украинаға көмір тасылдауына шектеу қоюына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссиясына шағым түсірді. Бұл туралы Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен диалог алаңы аясында өткен кездесуде ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Серік Жұманғарин айтты.

«Осы мәселеге байланысты жақында кеңесіп, Ресей тарапынан Украинаға көмір отынын тасымалдау бойынша кедергілер бар екеніне көз жеткіздік. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясын хабардар еттік. Егер осы кедергіге қатысты нақты шешім қабылданатын болса, бұл шектеуді тез арада алу керек», - дейді Серік Жұманғарин.

Сондай ақ, Серік Жұманғарин бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп, қазақстандық тараппен келіссөздер жүргізілгенін айтты.

P.S. Осы жазда Ресей Федерациясы қазақстандық көмір отынын Украинаға тасымалдауға шектеу жасап, нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» шахталары зардап шегіп отыр. Қазір қазақстандық компанияға қажетті көлемдегі көмір тасымалын жасау үшін квота қажет. Мәселені шешу үшін «Атамекен» ҰКП Еуразиялық экономикалық комиссиясына шағым түсірді.

Серіктес жаңалықтары