Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны 376-ға жетті

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды

Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны 376-ға жетті
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен тәулікте 166 адамнан пневмония анықталды, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 58 адам жазылып шыққан.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, осы жылдың 1 тамызынан бастап елімізде 35 559 пневмониямен ауырса, 28 118 адам сауығып шыққан. 376 адам індеттен көз жұмды.

Ал коронавирустық инфекциядан қазіргі уқытта 2 618 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 107 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 042 науқас жатыр. 576 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 81 адамның халі нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.