Алматылықтарға «Сергек» камерасы арқылы 3,6 млрд теңге айыппұл салынған
Қала көшелерінде 414 «Сергек» бақылау камерасы қосулы тұр
Алматыда ағылған көліктердің жол ережесін бұзуы басылар емес. «Сергек» бақылау камерасы жол ережесін бұзудың жарты миллионнан астам дерегін анықтаған. Камералар арқылы жазылған айыппұл көлемі 3,6 миллиард теңге. Бұл тек соңғы 9 айдағы көрсеткіш. Жүргізушілер осы уақытқа дейін оның 2,27 миллиард теңгесін төлеген.
«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің көмегімен 519 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталған екен.
Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14 есеге көп. Өткен жылдың тоғыз айында камералардың көмегімен 35 мыңға жуық жол ережесін бұзу анықталып, 417 миллион теңгенің айыппұлы жазылған. Қала көшелерінде тек 414 «Сергек» бекеті құрылса, жылдың соңында тағы 362 камера іске қосылмақ.