$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 11:30
Жаңалықтар

Тергеу қызметкерлері арандатушылық әрекеті үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» бабы енгізіледі

Тергеу қызметкерлері арандатушылық әрекеті үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады
Фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі. Ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

«Жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері қылмыстық арандатуға жатады» - деді Олжас Бектенов.

Мұндай заңсыз әрекетке тағайындалатын жазаның ең төменгі шегіне сәйкес, сотталушы 7 жыл бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеле отырып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

 Ал ең қатал жазаға іліккен лауазымды тұлға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шектеліп, 12 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары