Шетелден келген қазақстандықтар екі күнге карантинге жатқызылады

Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мәлімдеді

Шетелден келген қазақстандықтар екі күнге карантинге жатқызылады
Фото: ашық дереккөзден

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден оралған қазақстандықтар екі күнге стационарға жатқызылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары әуе компанияларының, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, қазаннан бастап екінші санаттағы елдерден (21 ел) әуе рейстерімен Қазақстанға келетін барлық адамға қосымша талаптар енгізу мәселесін пысықтап жатыр», - деді С. Байғабылов. 

Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді. 

«Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі», - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.