$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2020, 11:28
Жаңалықтар

Елімізде 250 адамнан көп тұрғыны бар ауылдар 3G, 4G мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі

Сондай-ақ FWA технологиясы бойынша мобильді интернет те қосылады

Елімізде 250 адамнан көп тұрғыны бар ауылдар 3G, 4G мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі
Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта еліміздегі барлық қала және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін жалпы 5200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі. Бұл ретте екі ауқымды жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

«Бірінші жоба – ГЧП механизмі арқылы оптикалық интернетті тарту.

Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда.  Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция бөлінді. Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді. Қазіргі уақытта ол ауылдардың 72-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде»,- деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, мобильді байланыстың базалық станцияларын оптикаға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы екі жоба бойынша операторлар оптиканы ауыл үйлеріне тартуда.

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары