Отставкаға кеткен Текелі әкімінің орнына жаңа басшы тағайындалды
Батыр Молдахметов 2018 жылдан бері Текелі қаласы әкімінің орынбасары болған
Бүгін отставкаға кеткен Текелі әкімінің орнына қалаға жаңа басшы тағайындалды. 2018 жылдан бері Текелі қаласы әкімінің орынбасары болған Батыр Молдахметов енді шаһар басшысы атанды.
Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін (инженер-педагог), 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін (заңтану), 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университетін (құрылыс) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған.
Ол Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы - облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.
2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев өз еркімен қызметінен кеткен еді.