$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2020, 04:16
Жаңалықтар

«Барселона» Месси үшін шұғыл директорлар кеңесін шақырады

Клубтан қазіргі президент Бартомеу кетеді деген болжам бар

«Барселона» Месси үшін шұғыл директорлар кеңесін шақырады

Испанияның «Барселона» кәсіби футбол клубы Лионель Месси келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғысы келгендіктен шұғыл директорлар кеңесін шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Onda Cero-ға сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, футболшы осы жазда «Барселонадан» кеткісі келетіні туралы ниетін факспен жеткізді. Клуб факс барын растады, бірақ аргентиналықтың келісімшартты бұзуға заңды мүмкіндігі жоқ деп жауап берді.

Месси келісімшартта әр маусымның соңында келісімді біржақты бұзуға мүмкіндік беретін опцияны пайдалануға шешім қабылдады, клуб өз кезегінде оны қалуға көндіруге бар күшін салады.

Сонымен қатар, бұл жағдай Барселона президенті Хосеп Бартомеудің болашағына қауіп төндіріп тұр.

Еске салайық, футболшы Лионель Месси Барселонадан кетуге шешім қабылдады және ол келісімшартты ұзартуды жоспарламайды. Кейін аргентиналық шабуылшыны сатып алуға үміткер клубтар белгілі болды.

Өткен маусымда 33 жастағы Месси барлық турнирлерде 44 матчқа қатысып, 31 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды. Форвард – «Барселонаның» тәрбиеленушісі, клуб тарихындағы үздік бомбардир. «Барселона» сапында Месси төрт рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

Серіктес жаңалықтары