Қар, көктайғақ, боран: бірнеше өңірде күн суытады
Елдің солтүстігі мен шығысында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Ал Ақтауда күн +22 градусқа дейін жылынады
Синоптиктер 23 қазанда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде жел екпіндейді. Күндіз ауа температурасы +1…+3 градус, түнде -3…-5 градус болады.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +5…+7 градус, түнде -1…-3 градусқа дейін төмендейді.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде және таңертең, негізінен, қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі. Түнде жел екпіндейді. Күндіз ауа температурасы +1…+3 градус, түнде -2…-4 градус болады.
Павлодарда күн бұлтты болып, негізінен қар жауады. Көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус, түнде -1…-3 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта, негізінен, қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус, түнде -3…-5 градусқа дейін төмендейді.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +6…+8 градус, түнде -2…-4 градус болады.
Өскеменде күн бұлтты болады. Негізінен қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз жел екпіндейді. Күндіз де, түнде де ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болады.
Семейде күн бұлтты болып, негізінен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болады, жел екпіндейді. Күндіз ауа температурасы +1…+3 градус, түнде -1…-3 градус болады.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градус, түнде 0…+2 градус болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +17…+19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6…+8 градус шамасында болады.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +10…+12 градус, түнде -1…-3 градус болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +20…+22 градус, түнде +8…+10 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы күндіз +10…+12 градус, түнде 0…+2 градус болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы күндіз +16…+18 градус, түнде +3…+5 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы күндіз +15…+17 градус, түнде +2…+4 градус болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіндейді. Ауа температурасы күндіз +13…+15 градус, түнде +1…+3 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градус, түнде 0…+2 градус болады.
Талдықорғанда күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз ауа температурасы +5…+7 градус, түнде -1…-3 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр мен дымқыл қар жауып, тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градус, түнде 0…+2 градус болады.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус, түнде -2…-4 градус болады.