Алаяқтар биыл «дропперлер» арқылы қазақстандықтардың 1,5 млрд теңгесін ұрламақ болған
Алаяқтар ұрлаған 5,5 млрд теңгені Антифрод-орталығы бұғаттап тастады
Алаяқтар биыл жыл басынан бері «дропперлер» арқылы қазақстандықтардың 1,5 млрд теңгесін ұрламақ болған. Алайда Антифрод-орталығы олардың шотын бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Антифрод-орталығы күмән тудырған 5,5 млрд теңгені бұғаттап тастаған.
ІІМ мәліметінше, биыл 9 айда алаяқтыққа байланысты 212 мың оқиға болған. Құқық қорғау органдарының көмегімен ақша аудармақ болғандардың шотындағы 4 млрд теңге, ал «дроптардың» шотындағы 1,5 млрд теңге ақша бұғатталған.
«Ақшасынан айырылғандарға өз еркімен 617 млн теңге қайтарылды. Бұл нәтижелер құқық қорғау органдары мен қаржы секторы арасында жедел ақпарат алмасудың маңыздылығын көрсетеді, іс-қимыл жылдамдығы азаматтардың ақшасын сақтау мен қайтару мүмкіндігіне тікелей әсер етеді», – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай.