Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болып сайланды
Сондай-ақ бүгін Гүлнар Тойлыбаева Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі атанды
Гүлнар Тойлыбаева «Әділет» фракциясының атынан ҚР Құрылтай депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Құрылтай отырысында төраға Айбек Дәдебай Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Гүлнар Тойлыбаева ҚР Құрылтайының депутаты болып тіркелгенін мәлімдеді.
Конституцияға сәйкес жаңадан сайланған Құрылтай депутаты Қазақстан халқына ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», деді Гүлнар Тойлыбаева.
Гүлнар Тойлыбаева Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінде жұмыс істейді.