7 қыркүйекте Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысып, жаңбыр мен найзағай күтіледі

Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі

7 қыркүйекте Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысып, жаңбыр мен найзағай күтіледі
Фото: istockphoto.com

7 қыркүйекке арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды. Көптеген қалада жауын-шашын күтілмейді, күндіз бірқатар өңірде ауа температурасы +30 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Оралда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +20...+22°C.

Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.