03.09.2026, 14:56
Жаңалықтар
СҚО-да Есіл өзеніне жеңіл көлік батып кетті (ВИДЕО)
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ
Фото: Видеодан скрин
СҚО-да Есіл өзеніне жеңіл көлік батып кетіп, оны құтқарған сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіл автокөлікті Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шығарды.
«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен. Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Автокөлікті алып шығу жұмысына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар апатты-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды», – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
18.10.2026, 13:06
Алматыда интимдік қызмет ұсынған қыз клиентін соққыға жыққан
18.10.2026, 20:04
Қазақстандықтар телефондағы eGov Mobil-дің жаңа калькуляторы арқылы әл-ауқатын өздері анықтай алады
18.10.2026, 11:05
Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты
18.10.2026, 12:40
Елордада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі ашылды
18.10.2026, 06:26
«Макрон, басыңды шабамыз»: Францияда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды