3 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, батыста күн жылы болады

3 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

 

Синоптиктер Қазақстан бойынша 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, ал елдің батысында күн айтарлықтай жылы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жаңбыр мен найзағай тек жекелеген өңірлерде болжанып отыр,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +20...+22°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +29...+31°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +19...+21°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +23...+25°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +19...+21°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +16...+18°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +23...+25°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +24...+26°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C.