Шымкентте 23 жас жігіт әскерге аттанды: оларды жақындары сән-салтанатымен шығарып салды
Әскери-патриоттық іс-шара жиын бүгін, 2 қыркүйекте өтті
Қазір Қазақстан бойынша әскер жасындағы азаматтар күзгі әскерге шақырылып жатыр. Шымкент қаласында дәл бүгін 23 жігіт Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің өзге өңірлеріндегі әскери бөлімдерге аттанды. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсіміне қала әкімдігінің өкілдері мен ардагерлер, сондай-ақ, жастардың жақындары жиналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«2 қыркүйек күні Шымкентте жас азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Күзгі әскерге 23 жас сарбаз шақырылып, әскери борышын өтеуге аттанды. Жас сарбаздар Жамбыл облысына аттанды, онда әскери дайындықтан өтіп, әскери мамандықтарды меңгереді», - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жас сарбаздарды олардың ата-аналары мен жақындары, қоғам өкілдері және әскери сала мамандар шығарып салды. Полковник Әбдіғабит Шегебаев жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери міндетті абыроймен атқаруға шақырды.
Сондай-ақ шара барысында Кинологиялық қызмет мамандары мен арнайы жасақ жауынгерлері жаттығуларын көрсеткен. Жауынгерлердің кәсіби дайындығы мен әскери шеберлігі жас сарбаздарға таныстырылды.
Шығарып салу рәсімінде ардагерлер әскери қызметтің жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Жас сарбаздарға әскери қызметтерін абыроймен атқарып, елге аман оралуына тілектестік танытты.
Айта кетейік, биыл көктемде Қазақстан бойынша 21 мыңнан аса жас отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елімізде президент жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр. 1 маусымдағы жағдай бойынша Қарулы күштерді, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігін жасақтау жоспары толық көлемде орындалды.