Ақтауда SUP-бордпен Каспийге түскен ер адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға Ақтаудан шамамен 45 шақырым жерде болды

Ақтауда SUP-бордпен Каспийге түскен ер адам суға батып кетті
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында ер адам SUP-бордпен серуендеп жүріп, суға батып кетті. Қайғылы оқиға 30 тамыз күні сағат 16:10 шамасында Ақтаудан шамамен 45 шақырым жердегі «Жылы жағажай» аумағында болған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың алдын ала мәліметінше, 1998 жылы туған ер адам SUP-бордпен су бетінде серуендеп жүрген кезде суға батып кеткен.

Оқиға шомылуға арналмаған жерде болған. Ер адамның достары оны жағадан шамамен 10 метр қашықтықтан тауып, жағаға алып шыққан. Оқиға орнына жедел-құтқару қызметінің, ТЖД мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Маңғыстау облысының ТЖД тұрғындар мен өңір қонақтарын шомылуға арналмаған жерлерде суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.