«Ауыл» партиясы Жетісу облысында ауылды дамыту мәселелерін талқылады
Кездесу аясында Бесқайнар ауылында «Ауыл кеші көңілді» фестивалі ұйымдастырылды
Жетісу облысының Бесқайнар ауылында «Ауыл» партиясының сайлауалды науқаны аясында «Ауыл кеші көңілді» фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ерболат Саурықов пен Асхат Бәзілов ауыл тұрғындарымен ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жастарға қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
«Ауылдың әлеуеті ең алдымен оның тұрғындарының ұсынысы мен бастамасынан көрінеді. Сондықтан біз үшін халықтың пікірін тыңдап, жергілікті жерде көтерілген мәселелерге назар аудару маңызды», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Ерболат Саурықов.
Фестиваль аясында тұрғындар QR-код арқылы өз ұсыныстары мен бастамаларын жолдады. Сонымен қатар ұлттық ойындар, концерттік бағдарлама және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.