ЕҚЫҰ байқаушылары ЖСДП-ның Павлодар облыстық штабының жұмысымен танысты

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті

ЕҚЫҰ байқаушылары ЖСДП-ның Павлодар облыстық штабының жұмысымен танысты
Фото: ЖДСП әлеуметтік желісінен

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық аясында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) ұзақ мерзімді байқаушылары Павлодар облыстық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды штабына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының ұзақ мерзімді байқаушылары Birthe Solevad пен Dorcha Lee, сондай-ақ ЖСДП-ның облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Роза Жүсіпова қатысты.

«Біз штабтың жұмысы, сайлауалды кезеңде жоспарланған іс-шаралар және өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары туралы ақпарат бердік. Сондай-ақ сайлау науқанының ұйымдастырылуына қатысты пікір алмастық», – деді Роза Жүсіпова.

Тараптар сайлауалды үгіттің ұйымдастырылуы, партиялардың қызметі және дауыс беруге дайындық мәселелерін талқылады. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.

Еске сала кетейік, ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұзақ мерзімді байқаушылары сайлау науқанының түрлі кезеңдерін бақылап, саяси партиялардың қызметі, сайлауалды үгіт және жалпы сайлау үдерісіне баға береді.