Жамбыл облысында ішіп алған жүргізуші мопедке отырып, полициядан қашпақ болды (ВИДЕО)

Мопед жүргізушісі 20 тәулікке қамалды

Жамбыл облысында ішіп алған жүргізуші мопедке отырып, полициядан қашпақ болды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысында ішіп алған жүргізуші мопедке отырып, полициядан қашпақ болған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласындағы Қ.Тұрысова көшесінде патрульдік қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз жүрген мопед жүргізушісін байқаған. Полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Алайда қысқа уақытқа тәртіп сақшылары оны ұстады.

Жүргізушімен сөйлесу барысында полиция қызметкерлері оның масаң күйде екенін байқап, медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

«Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екені, яғни жүргізуші куәлігін мүлде алмағаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін заң аясында шара көрілді. Сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Ал мопед арнайы айып тұрағына қойылды», – делінген ПД хабарламасында.