186 кандидат: ОСК «Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді
Партия барлық кандидат үшін жарна төледі
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман партия тізімді тіркеу жайлы 13 шілдеде өтінім бергенін айтты.
«Әділет» партиясы 186 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Оның ішінде 88-і – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл жалпы тізімнің 47,3 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы жіберген сауалдарға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар Мәжіліс депутаттарын сайлауға ұсынылған барлық кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексерді. Сонымен қатар, «Әділет» партиясы партиялық тізімге енгізілген барлық кандидаттар үшін сайлау жарнасын толық көлемде төледі»,- деді ол.
ОСК партияның барлық 186 тізімін тіркеу жайлы хаттамаға қол қойды. «Әділет» партиясының кандидаттарына куәлік беріледі. Партия атауы сайлау бюллетеніне қосылады.