18.07.2026, 10:38
Жаңалықтар
Ақмола облысында 195 гектар алқапты шарпыған ірі өрт сөндірілді
Екі өрт ошағы толықтай сөндірілді
Фото: ТЖМ
Ақмола облысының Ерейментау ауданында құрғақ шөптің жануы толықтай ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері тілсіз жаумен үздіксіз күрес жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы аумағы 195 гектарды құраған екі өрт ошағы толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел мен жер бедерінің жартасты болуы қиындық туғызды.
Ақмола облысының құтқарушыларына көмекке Астана қаласы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД бөлімшелері, ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшілері, орман шаруашылығының қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды. Барлығы шамамен 280 адам және 42 бірлік техника тартылды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды