08.06.2026, 14:55
Жаңалықтар
39 градус аптап ыстық, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер бірқатар аймақ жаңбырлы болатынын болжады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мына өңірлер жаңбырлы болады:
- 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;
- 11 маусымда оңтүстік-шығысында.
Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;
- солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;
- солтүстік-шығысында және орталығында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі байқалып, +25...+33°С болады;
- оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27...+35°С шамасында сақталады;
шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды