БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған жаңа шектерді жариялады
20 жастағы адамның шотында кемі 6,67 млн теңге қалуға тиіс
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жаңартты. Жыл сайынғы қайта есептеу нәтижесінде азаматтардың мерзімінен бұрын пайдалана алатын жинақ көлемі азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа жеткіліктілік шегі қалай өзгерді?
БЖЗҚ мәліметінше, ең төменгі жеткіліктілік шегі – азаматтың болашақта зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотында қалуы тиіс ең төменгі сома. Осы көрсеткіштен асатын қаражатты тұрғындар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдалана алады.
2026 жылғы қайта есептеуден кейін көптеген жас санаттары бойынша жеткіліктілік шегі өскен. Соған байланысты азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқарды.
20-29 жас аралығындағы азаматтар үшін
20 жаста – 6,67 млн теңге
25 жаста – 8,15 млн теңге
29 жаста – 9,42 млн теңге
30-39 жас аралығындағы азаматтар үшін
30 жаста – 9,75 млн теңге
35 жаста – 11,49 млн теңге
39 жаста – 12,98 млн теңге
40-49 жас аралығындағы азаматтар үшін
40 жаста – 13,37 млн теңге
45 жаста – 15,4 млн теңге
49 жаста – 17,14 млн теңге
50-62 жас аралығындағы азаматтар үшін
50 жаста – 17,59 млн теңге
55 жаста – 19,95 млн теңге
60 жаста – 22,5 млн теңге
62 жаста – 23,57 млн теңге
Жеткіліктілік шегін қалай тексеруге болады?
Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын және жеткіліктілік шегінен асатын соманы БЖЗҚ-ның жеке кабинеті немесе электронды қызметтері арқылы тексере алады.
Еске салайық, жеткіліктілік шегінен асатын қаражатты қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу, ипотекалық қарызды өтеу немесе медициналық қызметтер ақысын төлеу үшін пайдалана алады.