Қайғылы жағдайдың алдын алған: Маңғыстауда тежегіші істен шыққан жүк көлігі жартасқа соғылды (ВИДЕО)
Жүк көлігінің жүргізушісі мұндай қадамға әдейі барған
Шетпе – Бейнеу автожолында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігі жартасқа соғылды. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, жұрт арасында түрлі сұрақ тудырды. Белгілі болғандай, жүргізуші мұндай қадамға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін әдейі барған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні болған.
«Жол апаты Шетпе – Бейнеу тасжолында болды. Тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігі таудың жартасты беткейіне соғылды. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, қозғалыс кезінде жүргізуші тежегіш жүйесінің істен шыққанын байқаған. Өзге көліктерге соқтығысудың алдын алу үшін арнайы апаттық шығу жолағын пайдаланған.
Нәтижесінде жүк көлігі апаттық учаскеге шығып, жартасты беткейге соғылы барып тоқтаған. Бұл шешім қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенімен, жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді.