04.06.2026, 13:59
Жаңалықтар
Астана-Қарағанды тасжолының бір бөлігі бір айға жабылатын болды
Астана әкімдігі жағдайға қатысты ресми хабарлама жариялады
Фото: istockphoto.com
Астана қаласда 9 маусым мен 9 шілде аралығында Астана-Қарағанды тасжолының Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, көліктер жолдың бір жағымен екі бағытта қатынайды. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Осы учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында балама бағыттармен қатынауға болады:
- көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына дейін;
- көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген