Маңғыстаудағы мектеп оқушысының қазасы: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қайғылы оқиға 1 маусым күні болған

Маңғыстаудағы мектеп оқушысының қазасы: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы полиция департаменті Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, кәмелетке толмаған баланың қазасы туралы хабарлама 1 маусым күні түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 жасар бала аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.