Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр
Медеу ауданында 2026-2029 жылдары жүзеге асырылатын Almaty Promenade жобасы көпфункционалды қоғамдық-рекреациялық кешенге айналмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кешен аумағы шамамен 30 гектар, ал құрылыс көлемі 317 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында туристік, мәдени, қонақ үй және коммерциялық нысандарды қамтитын қоғамдық-рекреациялық кеңістік құру көзделген.

Жобаның негізгі элементтерінің бірі — су инфрақұрылымы. Кешен аумағында су арналары, көркейтілген жағалаулар, серуендеу аймақтары мен демалыс орындары жасақталады. Су нысандары қоғамдық кеңістіктің жалпы құрылымымен үйлесімді байланыстырылмақ.

Кешен құрамында қонақ үйлер, сауда және қызмет көрсету нысандары, мәдени-ойын-сауық алаңдары, жасыл аймақтар, жүргіншілер бағыттары мен қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Жобаны жүзеге асыру жеке инвестицияы тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ туризмнің, қызмет көрсету саласының және шағын бизнестің дамуына серпін береді.
Жобаға инвестиция тарту және қалалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары аясында Almaty Invest компаниясы қолдау көрсетеді.