Бала құқығы бойынша қайда жүгінуге болады: жауапты мекеме басшыларының нөмірі жарияланды

Динара Зәкиева желідегі парақшасында жариялады

Бала құқығы бойынша қайда жүгінуге болады: жауапты мекеме басшыларының нөмірі жарияланды
Фото: istockphoto.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жаңадан құрылған аймақтық балалар құқықтарын қорғау басқармалары басшыларының байланыс нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар омбудсмені өңірлердегі әкімдіктер құрылымында балалар құқықтарын қорғау басқармаларын құру процесі аяқталғанын атап өтті.

«Құрылуы мен функциялары «Бала құқықтары туралы» заңда бекітілген, барлық процедура жүргізіліп, қаулылар қабылданды, құрылымы мен штаты жасақталып жатыр. Бұл оқиға балаларды қорғау бағытында үлкен жеңіс болып саналады. Осы уақытқа дейін өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар жүйесінде тек балалар құқықтарын қорғау мәселелерімен ғана айналысатын дербес буын мен құрылым болған жоқ», – деп атап өтті ол.

Динара Зәкиева балалар құқықтарын қорғау басқармалары басшыларының байланыс мәліметтерін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.