Үш айда 14,5 млн доллар табыс: Қазақстанның балмұздағына шетелдіктер қатты қызығып отыр

Қазақстанның балмұздағы негізінен Ресейге нарығына шығарылады

Үш айда 14,5 млн доллар табыс: Қазақстанның балмұздағына шетелдіктер қатты қызығып отыр
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда шығарылған балмұздаққа әлем елдерінде сұраныс артып келеді. Осы жылдың алғашқы тоқсанында отандық өнім өндірісі мен экспорты айтарлықтай өсіп, бірнеше елдің нарығында сұранысқа ие бола бастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі LS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында жергілікті кәсіпорындар бұл өнімнің 14,5 мың тоннасын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Сонымен қатар, өнімнің экспорты да бірден 1,5 есеге өсті. Үш ай ішінде шетелге 14,5 млн долларға 3,7 мың тонна өнім сатылды.

Ресей елі негізгі нарық болып отыр – 2,6 мың тонна (+31,8%). Сондай-ақ Қырғызстанға да экспорт айтарлықтай өсті – 967,9 тонна (+2,3 есе). Өзбекстанға 153 тонна жіберілді (+19,6%). Сатып алушылар тізіміне Тәжікстан (27,2 тонна) мен Моңғолия да (8,1 тонна) енді. Өткен жылы бұл елдерге экспорт болған жоқ.

«Осы орайда, балмұздақ импорты да өсті, бірақ жылдам қарқынмен емес – 9,7%-ға өсіп, 1,5 мың тоннаны құрады. Өнімнің ең көп бөлігі Ресейден әкелінді – 838,4 тонна (-8,3%). Бұл ретте Қырғызстаннан импорт 2,8 есеге артып, 484,6 тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ Өзбекстаннан 69,7 тонна (+2,5 есе), Беларусьтен 18,5 тонна (+7,5%) және Швейцариядан 15,1 тонна (-0,6%) балмұздақ жеткізілді», – делінген зерттеу материалында.

Бұдан бөлек, балмұздақтың аздаған партиялары Оңтүстік Корея, Қытай және БАӘ елдерінен де түсті.