Павлодарда ер адам қарақшылық жасап, Ресейге қашып кеткен: ол 20 жылдан кейін қолға түсті

2006 жылы қылмыс жасаған ер адам экстрадицияланды

Павлодарда ер адам қарақшылық жасап, Ресейге қашып кеткен: ол 20 жылдан кейін қолға түсті
Фото: Бас прокуратура/Видеодан скрин

Павлодарда қарақшылық жасап, Ресей Федерациясына қашып кеткен қылмыскер 20 жылдан кейін табылып, экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу нәтижесінде күдікті 2006 жылы Павлодарда бір топ адаммен қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасаған. Нәтижесінде облыс тұрғынының мүлкін ұрланғаны анықталды.

Күтіктіден бөлек, оның өзге сыбайластары түрлі мерзімге сотталған. Ал өзі осы қылмысынан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге берілген.

«2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.  Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.