ТЖМ ұшағы Қазақстанға Амур жолбарыстарын жеткізді (ВИДЕО)
Жыртқыштар Іле-Балқаш табиғи резерватына орналастырылып, мамандардың бақылауына алынды
Қазақстанға Амур жолбарыстары жеткізілді. Жыртқыштарды елге Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы алып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы әуежайынан аңдар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына Ми-8 тікұшағымен жеткізілді.
«Әуе арқылы тасымалдау жануарларға түсетін күйзелісті барынша азайтып, олардың бүкіл бағыт бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Операцияның барлық кезеңі мамандардың бақылауымен өтіп, ветеринарлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары толық сақталды», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Айта кетерлігі, Амур жолбарыстарын Қазақстанға көшіру – сирек кездесетін жыртқыштардың популяциясын қалпына келтіру және елдегі биоалуантүрлілікті нығайту бағдарламасының бір бөлігі.
Еске салайық, жыл басында Қазақстанға Ресейден 4 Амур жолбарысы жеткізілетіні айтылған болатын.