ШҚО-да Қазақстан заңын бұзған шетел азаматтары елден қуылды

Шетел азаматтарының Көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды

ШҚО-да Қазақстан заңын бұзған шетел азаматтары елден қуылды
Фото: ШҚО ПД

ШҚО-да Қазақстан Қазақстан заңын бұзып, жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары елден қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзып, жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтарды анықтау үшін құрылыс нысандары мен базарларды тұрақты түрде тексереді.

Мәселен, Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген кезекті тексеріс барысында полицейлер уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 17 азаматын анықтады.

«Белгілі болғандай, шетел азаматтары облыс аумағына шамамен бір ай бұрын келіп, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеместен, 10 күннен астам уақыт бойы нысанда жұмыс істеген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген ПД хабарламасында.