$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 21:58
Жаңалықтар

Шетелдік компания Алматы ауруханаларына 15 ингалятор сыйлады

Сондай-ақ дәрігерлерге де жекелей сыйлықтар жіберілді

Шетелдік компания Алматы ауруханаларына 15 ингалятор сыйлады

Шетелдік компания Алматы ауруханаларына пневмония және Covid-19-бен ауырып жатқан науқастарды емдеуге арналған 15 ингалятор сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Халықаралық сауда компаниясының Қазақстандағы өкілдері 15 ингаляторды  фтизиопульмонология орталығына өткізіп берді. Коронавиурспен ауырып жатқан емделушілер аталған аппараттардың көмегімен дәрілік заттарды дем арқылы жұтады. 

«Бұл компанияның республикамыздағы соңғы айлардағы алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Көктемде бизнесті дамыту бойынша көпбалалы кәсіпкерлерге арналған онлайн вебинарлар өткіздік. Аз қамтылған отбасылар 50 азық-түлік жиынтығын алды. Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 және №3 ауруханаларына да қайырымдылық шарасы жасалды. Ол жердегі  медқызметкерлер мен емделушілердің таза су ішуіне мүмкіндік жасалды», - деді Қазақстандағы шетелдік компанияның агенті «Халықаралық консалтинг бюросының» директоры Альбина Жақсыбекова. 

Сондай-ақ, коронавируспен күресте дамылсыз қызмет жасап келе жатқан  дәрігерлерге де жекелей сыйлықтар жіберілді. 

«Біз дәрігерлерге сыйлықтарды тапсыру үшін санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді қатаң сақтадық. Біздің тарапымыздан тарту етілген құралдар дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, науқастардың жылдам сауығып кетуіне көмегін тигізеді деп сенеміз», – деді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы