30.04.2026, 09:56
Жаңалықтар
Жетісу облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен қария дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)
Ол үйінен шығып кетіп қайта оралмаған
Фото: Видеодан скрин
Жетісу облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 70-тен асқан қария арнайы дронның көмегімен аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 28 сәуір күні үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған 1952 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы сәтті аяқталды.
Іздеу жұмысына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, жергілікті аумақтар тексерілді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.
«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ер адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым жерде, «Ұйтас» саяжай қоғамы маңынан табылды. Құтқарушылар оны жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
30.10.2026, 08:21
39 жерден пышақтаған: Алматыда сүйіктісін өлтірген экс-полицей 18 жылға сотталуы мүмкін
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды