22.04.2026, 11:53
Жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш тәулік жаңбырлы болады
Синоптиктердің болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
«Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін. Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18°С дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20°С болады», – делінген ауа райы болжамында.
Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілуі мүмкін:
- солтүстікте +18…+27°С дейін;
- орталықта +22…+30°С дейін;
- шығыста +20…+28°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С;
- оңтүстікте +27…+32°С дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында;
- оңтүстік-шығыста +20…+30°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды