21.04.2026, 13:59
Жаңалықтар
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне Димаш Құдайберген қатысты (ВИДЕО)
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті
Фото: Видеодан скрин
Алматыда ақын, драматург және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы жиын Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары жиналды.
Марқұмның туған-туыстарына танымал өнерпаздар Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас көңіл айтты. Олар ақынның рухына тағзым етіп, қазақ әдебиеті мен қоғамның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Қоштасу рәсіміне қатысушылар Мұхтар Шахановтың ел мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтіп, оны соңғы сапарға құрметпен шығарып салды.
Айта кетейік, 19 сәуір күні Мұхтар Шаханов өмірден өтті.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды