Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа сапасы нашарлаған кезде сақтық шараларын сақтау керек
18 сәуірде Қазақстанның тек бір қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Атмосфералық ауаның ластануы Ақтөбе қаласында тіркелмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Мамандардың түсіндіруінше, ҚМЖ – бұл зиянды заттардың ауаның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай жағдайда ауаның сапасы күрт төмендеп, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауа сапасы нашарлаған кезде келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген жөн. Балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Өкпе, жүрек-қантамыр немесе аллергиялық аурулары бар жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
Ашық ауада дене жаттығуларымен айналыспаған дұрыс. Жаттығуларды жабық спорт кешендерінде өткізген абзал.