Елімізде алдағы демалыс күндері 28 градус жылы болады

Синоптиктердің болжамы жарияланды

Елімізде алдағы демалыс күндері 28 градус жылы болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтайды. Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

«Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10-18 градус жылы болады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17-28 градусқа дейін жылынады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.