Қазақстанда радио мен телевидение уақытша өшеді

«Қазтелерадио» арнайы мәлімдеме жасады

Қазақстанда радио мен телевидение уақытша өшеді
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 15 сәуір күні радио мен телевидение уақытша өшірілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазтелерадио» мәліметінше, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс жүргізу кезінде Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада.