ШҰҒЫЛ: Қазақстан коронавирус пен пневмония статистикасын қосты
Бұл туралы бүгін, 17 шілде күні сағат 15.00-де Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті
Қазақстан Республикасы елде тіркеліп жатқан пневмония ауруларын коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже берсе де, коронавирус ауруы деп тіркеу туралы шешім қабылдады.
«Мемлекет басшысы коронавирус пен пневмония ауруларына қатысты жағдайда барынша ашық статистика жүргізу керек деген тапсырма берді. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың санын тіркеуде жаңа тәсіл енгізеді. Осылайша, тест коронавирус жоқ деп көрсетсе де, оның клиникалық жағдайларына қарай, коронавирус деп тану туралы шешім қабылдады», - деді ол.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жазба қалдырып, Үкіметтен коронавирус статистикасын ашық айтуды талап етті.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан