$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 18:23
Жаңалықтар

«Бізде 115 ИВЛ аппараты бар»: Атырау әкімдігі ДСМ таратқан ақпаратқа түсінік берді

Басқарма басшысы министрлік жариялаған дерек қайдан шыққанын айтып берді

«Бізде 115 ИВЛ аппараты бар»: Атырау әкімдігі ДСМ таратқан ақпаратқа түсінік берді
Фото: ашық дереккөзден

Еске сала кетейік, бүгін Ксения Воронина есімді желі қолданушысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Үкімет отырысында жасаған есебін бөлісіп, онда Атырау облысында бар-жоғы 30 төсек-орын жабдығы және 12 өкпені жасанды желдету аппараты бар деген дерек жайлы айтқан. Жазба астында қалдырылған пікірлер арасында «Қалайша Атырау облысында небәрі 30 төсек-орын, 12 ИВЛ аппараты ғана бар?» деп сұраушылар көп.

Осы жағдайға байланысты Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров жауап беріп, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12 өкпені жасанды желдету аппараты Атыраудағы инфекциондық стационарға тиесілі екенін айтқан. Яғни, ​бұл аппараттар №2​ Атырау облыстық ауруханасының​ реанимациясында орнатылған.

«Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы аталмыш инфекциондық стационарда ​12 реанимациялық кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық кереует 12 ИВЛ аппаратымен жабдықталып отыр.

Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 ИВЛ аппаратымен жабдықталды. ​Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да ​арнайы балаларға арналған ИВЛ аппараттарымен қамтамасыз етіліп отыр», - деді басқарма басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір Атырау облысындағы емдеу орындарында 115​ ИВЛ аппараты бар. Алдағы​ уақытта қажетті ИВЛ аппараттары саны демеушілік есебінен көбейеді ​деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары