Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар ауа райына байланысты сабағын үйден оқуға мәжбүр
Ауа райына байланысты оқушылардың қауіпсіздігі үшін осындай шешім қабылданды
Бүгін қолайсыз ауа райына байланысты (қатты аяз бен көктайғақ) Қазақстанның төрт өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қашықтан оқуға мына өңірлердегі оқушылар жіберілді:
Ақтөбе облысында (қатты аязға байланысты) – өңірдегі мектептердің бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары.
Қостанай облысында (қатты аязға байланысты):
- Қостанай, Рудный қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Әулиекөл, Жітіқара және Алтынсарин аудандарында – 0-9 сынып оқушылары;
- Лисаковск қаласы мен Ұзынкөл ауданында – 0-11 сынып оқушылары;
- Арқалық қаласы мен Қарабалық ауданында – 0-4 сынып оқушылары;
- Амангелді ауданында да оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.
Семей қаласында (көктайғаққа байланысты) – мектептердің 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің I-II курс студенттері (бірінші және екінші ауысым).
Өскемен қаласында (жаңбыр, секундына 15 метрге дейін жететін қатты жел және көктайғаққа байланысты) – бірінші және екінші ауысымда оқитын 0-5 сынып оқушылары қашықтан білім алуға жіберілді.