$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БАӘ-де қалған қазақстандықтар үшін қосымша рейстер ұйымдастырылады

Барлық ұшақ Алматы қаласына бағытталған

БАӘ-де қалған қазақстандықтар үшін қосымша рейстер ұйымдастырылады
Фото: © istockphoto.com

Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінен қайта алмай жатқан отандастарымызды елге қайтару үшін арнайы әуе рейстерін ұйымдастырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

28 ақпан мен 10 наурыз аралығында БАӘ-ден ұшуы тиіс болған, бірақ рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan жолаушылары үшін үш арнайы рейс қарастырылған.

Барлық ұшақ Алматы қаласына бағытталған:

KC2264 рейсі: Маскаттан сағат 12:30-да ұшып, Алматыға 17:40-та қонады.

KC2258 рейсі: Маскаттан сағат 14:30-да аттанып, Алматыға 19:40-та жетеді.

KC2254 рейсі: Маскаттан сағат 16:30-да шығып, Алматыға 21:40-та келеді. (Уақыт жергілікті сағат белдеуімен көрсетілген)

Әуе компания жолаушылардың қолайлығы үшін Дубайдан Маскат әуежайына дейін тегін жеткізуді ұйымдастырады. Сол жерден отандастарымыз Қазақстанға аттанады.

«Біз Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Басты мақсатымыз – қазақстандықтардың отанға аман-есен оралуын қамтамасыз ету», — деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

Билеттерді қайта рәсімдеу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жолаушыларға билет сатып алынған туроператорларға немесе тікелей әуе компанияның байланыс орталықтарына хабарласу ұсынылады:

Air Astana: байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

FlyArystan: WhatsApp желісі, чат немесе жедел желі нөмірі: +7 7272 44 44 78.

Мақалада

#Таяу Шығыс #БАӘ