Жалпыұлттық коалиция мүшелері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымымен кездесті
Кездесу барысында қатысушылар жаңа конституциялық реформалардың маңызын талқылады
Астана қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының мүшелері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға коалиция өкілдері Марат Башимов, Павел Казанцев, Нұргүл Тау, Гулбазар Медиева, Мария Өтебаева және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Қыдырберді Беков қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа конституциялық реформалардың маңызы, оның еліміздің дамуына қосатын үлесі, сондай-ақ қоғамдағы экологиялық саясатты жетілдіру бағытындағы бастамалар жөнінде пікір алмасты. Коалиция мүшелері реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Марат Башимов өз сөзінде конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Бүгінгі реформалар – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа өзара қатынастың негізі. Бұл өзгерістер әділетті және жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған», – деді ол.
Павел Казанцев Конституциялық өзгерістердің құқықтық жүйені жетілдіруге ықпал ететінін айтты.
«Жаңа бастамалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», – деп атап өтті ол.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Қыдырберді Беков мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
«Мұндай ашық диалог қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністікті нығайтады. Экология саласындағы саясатты дамытуда қоғам пікірінің маңызы зор», – деді ол.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын білдірді.