Таяу Шығыстан қазақстандықтарды қайтаруға арналған арнайы рейстердің кестесі жарияланды
Air Astana 7–9 наурыз аралығында бірнеше репатриациялық ұшуды жүзеге асырады
Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін репатриациялық рейстердің кестесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Air Astana әуе компаниясы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, 7–9 наурыз аралығында Жидда – Атырау және Атырау – Алматы бағыттары бойынша бірқатар арнайы рейс орындауды жоспарлап отыр.
7 наурыз күні Жиддадан Атырауға 3 рейс ұшады. KC2228 рейсі 13:45-те ұшып шығып, 22:05-те Атырауға қонады. KC2234 рейсі 16:15-те ұшып, Атырауға 00:35-те 8 наурызда жетеді. KC2226 рейсі 16:55-те ұшып шығып, 01:15-те 8 наурызда Атырауға қонуы тиіс.
8 наурызға қараған түні Атыраудан Алматыға бірнеше рейс жоспарланған. KC8860 рейсі 00:05-те ұшып, 03:00-де Алматыға жетеді. KC8840 рейсі 02:35-те ұшып шығып, 05:30-да қонады. KC3180 рейсі 03:15-те көтеріліп, 06:10-да Алматыға жетеді.
Сол күні Жиддадан Атырауға тағы 2 рейс жоспарланған. KC2236 рейсі 13:45-те ұшып, 22:05-те Атырауға қонады. KC2238 рейсі 15:05-те ұшып шығып, 23:25-те жетеді.
Сонымен қатар 8 наурызда қосымша репатриациялық рейстер де қарастырылған. KC2242 рейсі Жиддадан 16:15-те ұшып, Атырауға 00:35-те 9 наурызда келеді. Осыдан кейін KC8780 рейсі Атыраудан 02:35-те көтеріліп, 05:30-да Алматыға жетеді.
Тағы бір рейс KC2246 Жиддадан 16:50-де ұшып шығып, Атырауға 01:10-да 9 наурызда қонады. Ал KC8900 рейсі Атыраудан 02:10-да ұшып, 05:05-те Алматыға жетеді.
9 наурызға қараған түні Атыраудан Алматыға тағы 2 рейс жоспарланған. KC8860 рейсі 00:05-те ұшып, 03:00-де Алматыға жетеді. KC8840 рейсі 01:25-те көтеріліп, 04:20-да қонады.
Әуе компаниясының мәліметінше, барлық уақытта жергілікті уақыт көрсетілген. Сонымен қатар Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауды жалғастырып отыр.