$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

6 наурызға арналған доллардың орташа бағамы жарияланды

Ұлттық банктің 6 наурызға белгілеген ресми бағамы белгілі болды

6 наурызға арналған доллардың орташа бағамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 493,85 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы мәннен 0,62 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 наурызға белгілеген ресми бағамы – бір доллар үшін 493,36 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 493,48 теңге, ал сату бағамы – 495,81 теңге.

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 492 теңгеден сатып алып, 499 теңгеден сатуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 493,7 теңге болса, сату бағамы 495,77 теңгені құрайды.