$ 493.36  572.84  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Доллар құны күрт құлдырады: 5 наурызға арналған ресми бағам жарияланды

Ұлттық банктің 5 наурызға арналған ресми бағамы белгілі болды

Доллар құны күрт құлдырады: 5 наурызға арналған ресми бағам жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 493,36 теңгені құрап, 6,13 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 5 наурызға арналған ресми доллар бағамы 499,83 теңге деңгейінде белгіленген.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 491,73 теңге болса, сату бағамы – 494,62 теңге.

Астана қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 491 теңгеден сатып алынып, 498 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 492,38 теңгені, ал сату бағамы 495,13 теңгені құрайды.