$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аңдып, терезесінен сығалаған»: Атырау облысының тұрғыны «сталкинг» үшін істі болды

Атырау облысында «сталкинг» үшін үкім шығарылды

«Аңдып, терезесінен сығалаған»: Атырау облысының тұрғыны «сталкинг» үшін істі болды
Фото: istockphoto.com

Елімізде Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы өз күшіне енді. Бұл бап бойынша алғашқылардың бірі болып Құрманғазы ауданының тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«С.К. есімді азамат өзінің құрбанын аңдыған: 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің үйіне жүйелі келіп және терезесінен сығалаған. Әйел шамадан тыс назарға шыдай алмай, құқық қорғау органына жүгінген.

Әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген «ынтызардың» аңду әрекетін сот заңсыз деп танып және оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың шілдесінен кез-келген адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу (егерде бұл зиян келтірсе) қылмыс болып саналады. Аңдушы тіпті физикалық қол жұмсамаса да.

ҚР ҚК 115-1-бабының ең ауыр жазасы ретінде: қамауға алу 50 тәулік, айыппұл 200 АЕК, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары көзделген.