Елімізде қызылша дертінің қарқыны бәсеңдеді
Бірақ эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз
Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесін жариялады. Соңғы аптада ауру жұқтырғандар саны айтарлықтай азайғанымен, эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеменің мәліметінше, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылардың саны 25,4% төмендеген.
Алдыңғы аптада 417 жағдай тіркелсе; Соңғы жеті күнде бұл көрсеткіш 311-ге дейін азайды.
Дегенмен, ел аумағында аурудың таралуы тоқтаған жоқ. Ең көп жұқтыру жағдайлары мына өңірлерде байқалады:
- Астана — 81 жағдай;
- Алматы және Атырау облыстары — 57 жағдайдан;
- Қостанай облысы — 57 жағдай;
- Алматы қаласы — 48 жағдай.
Аурудың алдын алу мақсатында министрлік қосымша иммундау шараларын күшейтті. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша:
1. 6-11 айлық сәбилер: 36,7 мың балаға екпе егілді.
2. Жоспарлы вакцинация: 1 жастағы 21,4 мың (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылды.
3. Бұрын вакцина алмаған 18 жасқа дейінгі 8,1 мың жасөспірімге екпе егілді.
Эпидемиялық жағдай тұрақталғанша қатаң талаптар енгізілді. Атап айтқанда, ұйымдасқан ұжымдар мен әскери бөлімдерде екпе алмаған тұлғалар уақытша жұмыстан шеттетіледі. Сондай-ақ, ауруханаларға жоспарлы жатқызу кезінде де тексеріс күшейтілді.
Ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар. Дәрігерлер ата-аналарды вакцинацияға жауапкершілікпен қарауға шақырды.